
Бүгін ауданда Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мобильді фронт-офисі өз жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында аудан тұрғындарына бағдарламаның негізгі бағыттары, кәсіп ашу және қолданыстағы бизнесті дамыту мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Нұрланов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысып, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер ұсынды.
Кездесуге ауданның 100-ге жуық кәсіпкері қатысып, қайтарымсыз гранттар, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау және кәсіпкерлікті дамыту тетіктері жөнінде толық ақпарат алды.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау құралдарына қолжетімділігін арттырып, жаңа жобаларды іске асыруға және бизнесті дамытуға бағыт-бағдар береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1266160?lang=ru

Жауап қалдыру