«Астана-Энергия» ЖЭО-2-да энергетикалық киберқауіпсіздік бойынша пилоттық жоба іске асуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевпен бірлесіп «Астана-Энергия» АҚ-ның ЖЭО-2 нысанына барып, энергетикалық инфрақұрылым объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Сапар барысында қатысушыларға станцияның технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін Бас басқару қалқанының, №2 блоктық басқару қалқанының және серверлік инфрақұрылымының жұмысы таныстырылды.

Кездесу барысында аса маңызды ақпараттық инфрақұрылым объектілерін қорғау саласындағы заманауи шешімдерге ерекше назар аударылды. Өнеркәсіптік желілерді пассивті мониторингтеу, алынбалы ақпарат тасымалдағыштарды бақылау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік құралдарын орталықтандырылған басқаруға, инциденттерді анықтауға және қорғалған артықшылықты қолжетімділікті ұйымдастыруға арналған кешенді платформа таныстырылды.

Таныстырудан кейін жұмыс кеңесі өтіп, онда технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру нәтижелері, оны одан әрі дамыту және энергетика саласының өзге объектілеріне кеңінен енгізу перспективалары қаралды.

Бақытжан Ілияс энергетика саласын цифрлық трансформациялау технологиялық инфрақұрылымды сенімді қорғаусыз мүмкін еместігін атап өтті.

«Бүгінде киберқауіпсіздік мәселелері энергетикалық объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Заманауи шешімдерді енгізу ықтимал қауіптерді дер кезінде анықтауға, автоматтандырылған басқару жүйелерінің орнықтылығын арттыруға және тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Энергетика вице-министрі.

Өз кезегінде Досжан Мұсалиев аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау жобаларын іске асыруда ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, киберқауіпсіздік саласындағы заманауи отандық және халықаралық тәжірибелерді енгізу қажеттігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық технологияларды дамыту және Қазақстанның отын-энергетика кешені объектілерінің кибертұрақтылығын нығайту бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1266332?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді