
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияның мүшесі болып табылады.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің басым бағыттарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жас азаматтардың құқықтары мен денсаулығын қорғау, олардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық міндет әрі конституциялық парыз екенін бірнеше рет атап өткен.
P.S. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сарапшылары 2024 жылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен бірлесіп балалар мекемелеріне кешенді тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар топтамасы жүйелі өзгерістердің негізіне айналды. Бұл шараларды іске асыру салалық министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысы мен жұртшылықтың кең қолдауының арқасында мүмкін болды. Соның нәтижесінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру саласында бүгінде нақты оң өзгерістер байқалуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1266356?lang=ru

Жауап қалдыру