
Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облыс бойынша өкілі Амангелді Абдолов ағымдағы жылдың 15-ші шілдеде Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде осы тақырыпта өткен республикалық форумға қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен, Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл шара отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды сақтауға арналды.
Форум жұмысына Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, өңірлік комиссиялардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатысты.
Шараны Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова жүргізіп отырды. Форумда Шығыс Қазақстан техникалық университетінің директоры С.Рахметуллина, Астана қаласындағы «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Б. Күзембай, Жезқазған қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Тембаев, Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығының директоры А. Молжанова, белгілі отбасылық психолог Е. Мырзабай баяндама жасады.
Сонымен қатар, өңірдегі қоғамдық бастамалар мен әлеуметтік жобалар туралы Атырау облысының Азаматтық альянсы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ф. Төлеева, Қазақстан Мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы С.Рахимова, Атырау облыстық Әкелер кеңесінің төрағасы, «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасының авторы Ш. Қанатов, Мақат аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Сәлімов өз сөздерінде отбасылық институтына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1266364?lang=kk

Жауап қалдыру