
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Бокин көшесінде жауапты сала басшыларының қатысуымен көшпелі жиын өткізіп, тұрғындармен бірге аумақты аралады. Жиынның негізгі мақсаты – бұған дейін тұрғындар көтерген мәселелердің орындалуын сол жерде бірге қарап, атқарылған жұмыстардың нәтижесін бағалау.
Бүгінде тұрғындардың ұсыныстары негізінде аумақта қоғамдық қауіпсіздік пен жайлылықты арттыру бағытында бейнебақылау камералары орнатылып, санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты жүйеге келтірілді, көше жарығы жақсартылып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция қызметінің жұмысы күшейтілген.
Аралау барысында тұрғындар атқарылған жұмыстарға шынайы алғыстарын білдіріп, қала аумағын одан әрі көркейтуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Қала әкімі әрбір көтерілген мәселе назарда болатынын айтып, тұрғындардың қатысуымен қабылданған шешімдердің сапалы орындалуы – әкімдік жұмысының басты қағидаттарының бірі екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1266374?lang=kk

Жауап қалдыру