Сұрақ-Жауап

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сұрақ: Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер әртүрлі елді мекендерде орналасқан тұрғын үй-жайларды жалға береді. 910.01 қосымшасын толтырған кезде барлық жалға берілетін объектілер бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері мен олардың мекенжайларын көрсету қажет пе? Жеке табыс салығын есептеу кезінде объектілер орналасқан жер бойынша мәслихаттар бекіткен түзету коэффициенттері ескеріле отырып, салық мөлшерлемелері қолданылуға тиіс пе?

Жауап: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 «Салықтық есептілік нысандарын, оларды жасау жөніндегі түсіндірмелерді және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 27-қосымшасының 3-тарауында 910.01-нысан «Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің салық міндеттемелерін есептеу» қосымшасын толтыру тәртібі түсіндірілген.

Қағидаларға сәйкес, 910.01-нысанды толтыру кезінде «Қызметті жүзеге асыру орны туралы ақпарат» бөлімінде жалға берілетін жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан мекенжайлар мен тиісті мемлекеттік кірістер органдарының деректері әрбір объекті бойынша жеке-жеке жолдарда көрсетілуге тиіс.

Бұл ретте жеке табыс салығы жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жердегі жергілікті өкілді органның шешімімен мөлшерлеменің 50 пайызға төмендетілуі немесе 50 пайызға жоғарылатылуы ескеріле отырып, тиісті мөлшерлеме бойынша есептелуге тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1266412?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді