Ұлытау облысы Жезқазған қаласының прокурорымен жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік іссапары аясында Ұлытау облысы Жезқазған қаласының прокуроры А.А. Қыдырбаймен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Тараптар өңірде заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау және құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1266478?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді