30.07.2026 жылы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Салық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік рақымшылықты қолдану тәртібі» тақырыбында брифинг өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Салық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар және әкімшілік рақымшылықты қолдану тәртібі» тақырыбында брифинг өтті.

 Брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Нұрсұлтан Адамқұлов салық заңнамасын бұзу фактілері, әкімшілік жауапкершіліктің түрлері, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары және қолданыстағы заңнама талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сондай-ақ, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, тақырып аясындағы өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынылды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасының талаптарын сақтауға және салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1266592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді