
Мемлекеттік мекемеде еңбек тәртібін қадағалау – тиімді жұмыстың маңызды шарты. Коммерциялық ұйымдардан айырмашылығы, мемлекеттік мекемелер қоғамдық маңызы бар міндеттерді атқарады: мемлекеттік саясатты іске асырады, халыққа қызмет көрсетеді және заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан әрбір қызметкердің жауапкершілігі мен тәртібі қабылданатын шешімдердің сапасына, мемлекеттік қызметтің беделіне және азаматтардың сеніміне тікелей әсер етеді.
Мемлекеттік органдағы еңбек қызметі құзыреттілік, жауапкершілік және өзара сыйластық қағидаттарына негізделеді. Ол Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен, ал мемлекеттік қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерімен реттеледі. Осы талаптарды сақтау ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптасуына, орындаушылық тәртіптің артуына және азаматтармен сындарлы өзара іс-қимылдың нығаюына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасын, нормативтік құқықтық актілері мен лауазымдық нұсқаулықтарының талаптарын бұлжытпай сақтау, басшылық тапсырмаларын уақтылы, сапалы орындау, азаматтардың өтініштерін заңды мерзімде қарау, іскерлік әдепті ұстану және мүдделер қақтығысына жол бермеу еңбек тәртібінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.
Жоғары еңбек тәртібі мемлекеттік мекеменің тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуына, қызметтік жауапкершіліктің нығаюына және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімінің артуына әсерін тигізеді. Дәл осы тәртіп, кәсібилік пен өз міндеттеріне деген жауапты көзқарас мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік басқару жүйесінің табысты дамуының негізін қалайды.
«Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» ММ
ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің
кадрлық жұмыс жөніндегі бас маманы Ж. Т. Спанова
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1266603?lang=kk

Жауап қалдыру