
Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық прокуратура және полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында азаматтарға арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылу, мас күйінде суға түспеу, балаларды қараусыз қалдырмау және төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажеттігі түсіндірілді. Демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1266613?lang=ru

Жауап қалдыру