КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 38 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасы Н.Шаулиев төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер қаралды:

  1. «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Келес аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  2. Ұшқын ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  3. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  4. Қошқарата ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  5. Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  6. Келес аудандық мәслихатының 2025 жылғы 05 наурыздағы №23-177-VIІІ «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1266653?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді