Қазақстан құрамасы EJOI 2026 олимпиадасында үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы (European Junior Olympiad in Informatics, EJOI 2026) өтті. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысты.⌨️

EJOI – 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған информатика саласындағы ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол дарынды оқушылардың бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.🧩

Олимпиада екі жарыс күнінен тұрды. Қатысушылар әртүрлі күрделілік деңгейіндегі алгоритмдік есептерді шешіп, білімдері мен практикалық дағдыларын сынға салды.🇰🇿

Қазақстан намысын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың информатика пәнінен жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен жасақталған ұлттық құрама қорғады.🏆

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленді.🥇

Еламан Алишер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы – алтын медаль;🥈

Бельгимбаев Амир, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы – күміс медаль;🥉

Ермұханов Ислам, Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – қола медаль;

Жангелді Санжар, Қарағанды облыстық Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – мақтау грамотасы.👨‍🏫

Ұлттық құраманы Қазақстан құрамасының жетекшісі, Astana IT University Бағдарламалық инженерия мектебінің ACM жаттықтырушысы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Темірлан Сатылханов және «EdLight Academy» білім беру орталығының информатика пәні бойынша жаттықтырушы-оқытушысы Арман Исаев дайындады.📈

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстан құрамасы EJOI олимпиадасында 1 күміс және 3 қола медаль иеленген болатын. Биыл ұлттық құраманың қоржыны алтын медальмен толықты.👏

Жүлдегерлер мен олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1266719?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді