Маңғыстау облысының полицейлері адам саудасына қарсы челленджді жалғастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған республикалық акция аясында Маңғыстау облысы полиция департаменті Атырау облысы полиция департаментінен жолданған челленджді қабылдап, бастаманы қолдады.

Акцияның негізгі мақсаты – адам саудасының алдын алу, қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың назарын осы өзекті мәселеге аудару және халықты қырағылық танытуға шақыру.

Маңғыстау облысы полиция департаменті адам саудасына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтеді. Осыған байланысты тұрғындарды күмәнді жағдайларға бейжай қарамауға, өз құқықтарын білуге және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда құзырлы органдарға дер кезінде хабарласуға шақырады.

Ізгі бастаманы жалғастыра отырып, Маңғыстау облысы полиция департаменті челлендж эстафетасын Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарының полиция департаменттеріне жолдайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266717?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді