Атырау облысы Әділет департаментінде «Жасанды интеллекттің теріс салдары» тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы аясында Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл М.А. Музатованың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жасанды интеллекттің теріс салдары» тақырыбында семинар өткізілді.
🔹Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметте жасанды интеллект құралдарын пайдалану кезінде туындайтын құқықтық, этикалық және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдері туралы түсінік қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін нығайту, цифрлық этика қағидаттарын дәріптеу және жасанды интеллект құралдарын жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамыту.
🔹Семинар барысында жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқару саласында қолданудың артықшылықтарымен қатар, құпия ақпаратты қорғау, азаматтардың дербес деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалған ақпараттың таралуының алдын алу, киберқауіпсіздік талаптарын сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын орындау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
🔹Іс-шараға Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Бекболат Шапқатович Анесов және аталған департаменттің Басқармасының аға жедел уәкілі Бекзат Қанатбекұлы Қанатбеков арнайы қатысып, жасанды интеллектіні пайдалану барысында туындайтын құқықтық тәуекелдер, ақпараттық қауіпсіздік талаптары және қаржылық алаяқтықтың заманауи тәсілдері бойынша баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹Семинар қорытындысында қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік қызметте жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз, заң талаптарына сәйкес әрі жауапкершілікпен пайдалану мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1266705?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді