Қарақияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 31 шілдеде Қарақия ауданы әкімдігінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жобасын іске асыру шеңберінде Қарақия ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдерде, сондай-ақ ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жария талқылау өткізілді.

Жария талқылау барысында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюға бағытталған ұсынымдар қаралды.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді болдырмау мақсатында тиісті ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылданатын болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1266775?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді