Тергеуші — бұл жүрек қалауымен таңдалған мамандық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тергеушінің қызметі – жай ғана мамандық емес, бұл әділдікті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және адам тағдырына тікелей әсер ететін шешімдерді қабылдау жолындағы күнделікті жауапкершілік. Бұл салада заңды білудің өзі жеткіліксіз. Тергеушіге сабырлылық, әділдік, аналитикалық ойлау қабілеті және өз ісіне адалдық қажет.

Талдықорған қаласы полиция басқармасының тергеушісі Башчикулова Айдананың жұмыс күні таңғы саптық жиыннан басталады. Жедел ақпаратпен танысып, күнделікті міндеттер айқындалғаннан кейін қарбалас жұмысқа кіріседі: қылмыстық істердің материалдарын зерделейді, оқиға орындарына шығады, тергеу әрекеттерін жүргізеді, жауап алулар өткізеді, қажетті сараптамаларды тағайындайды және процестік шешімдер қабылдайды.

Әрбір қылмыстық іс барынша мұқияттылықты, жоғары жауапкершілікті және заң талаптарын қатаң сақтауды талап етеді. Әрбір істің артында адам тағдыры тұрғандықтан, әрбір дерек жан-жақты, толық әрі объективті зерттеледі. Жиналған дәлелдер мен барлық мән-жайларға құқықтық тұрғыдан қағидатты баға беріледі.

Тергеушінің жұмыс күні көп жағдайда белгіленген уақытпен шектелмейді. Қылмыстар туралы жаңа хабарламалар, кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттері мен процестік іс-шаралар кешке дейін жалғасуы мүмкін. Дегенмен дәл осындай жауапкершілік пен жанкешті еңбектің арқасында қылмыстар дер кезінде ашылып, кінәлілер анықталып, жазаның бұлтартпастығы қағидаты қамтамасыз етіледі.

Башчикулова Айдана үшін тергеу саласындағы қызмет – заңды қорғауға және адамдарға көмектесуге деген ұмтылысқа негізделген саналы таңдау. Оның пікірінше, тергеуші үшін ең бастысы – қандай жағдайда да объективтілікті сақтап, шешімді тек заң мен дәлелдерге сүйене отырып қабылдау және кәсіби борышына адал болу.

Тергеуші – заңның үстемдігін қамтамасыз етіп жүрген маман. Әрбір ашылған қылмыстың, аяқталған қылмыстық істің және қалпына келтірілген азаматтық құқықтың артында кәсібилік, жауапкершілік пен көзге көп байқала бермейтін, бірақ қоғам үшін аса маңызды қажырлы еңбек жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1266805?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді