
Департамент басшысының орынбасары Мәди Әлжан «Электрондық еңбек шарттары: еңбек қатынастарының ашықтығы және жұмыскерлердің құқықтарын қорғау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында еңбек қатынастарын цифрландыру және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу мәселелері қарастырылды.
Еңбек шарттары туралы мәліметтерді ЕШЕБЖ-ға енгізу еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз ететіні, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауға, еңбек өтілін растауға және әлеуметтік кепілдіктерді алуға ықпал ететіні түсіндірілді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес еңбек қатынастарын уақтылы рәсімдеудің және жұмыс берушілердің электрондық жүйеге мәліметтерді дұрыс әрі уақтылы енгізуінің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар еңбек саласындағы ақпараттық жүйелер арқылы өздерінің еңбек шарттары туралы мәліметтерді тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылды. Себебі еңбек қатынастарын цифрландыру еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырудың және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Аталған тақырып бойынша толық бейнетүсіндірмені төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз
https://www.instagram.com/reel/DbczG87qHu-/?igsh=ZjIwZjJzbG5pa2sy
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1266876?lang=ru

Жауап қалдыру