Алматы облысының медициналық ұйымдарының кадр қызметкерлерімен маман сертификатын алу тәртібі бойынша ZOOM платформасы арқылы онлайн түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 28 шілдеде Алматы облысының медициналық ұйымдарының кадр қызметкерлеріне ZOOM платформасы арқылы денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алу тәртібі бойынша онлайн форматта түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау, маман сертификатын алу және оның қолданылу мерзімін растау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін есепке алу, біліктілік деңгейін беру (растау) және сертификаттау рәсімінде қолданылатын негізгі талаптар жан-жақты қарастырылды.

Онлайн жиынды сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Тәнірбергенов А.Б. жүргізді. Кездесу барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріліп, маман сертификатын алу рәсіміне қатысты практикалық ұсынымдар берілді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – медициналық ұйымдардың кадр қызметкерлерін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарымен таныстыру, мемлекеттік қызметті алу тәртібі бойынша әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу кезінде туындайтын қателіктердің алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1266919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді