Ақмола облысында әлеуметтік әріптестікті, еңбекті қорғауды және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Амренованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты.

Облыстық комиссия отырысында әлеуметтік-еңбек қатынастарын жетілдіру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары У.Б. Бейсембаев ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізу және оларды цифрландыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы баяндама жасады. Ұжымдық шарттарды цифрландыру әлеуметтік-еңбек қатынастарының ашықтығын арттыруға, тараптардың міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жеңілдетуге және жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Негізгі назар құрылыс нысандарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижелеріне аударылды. Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға және өңірдегі құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар, комиссия «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының өңірлік кезеңі жеңімпаздарын бекітті. Олар Ақмола облысының атынан республикалық кезеңге қатысады.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1266928?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді