
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі өнеркәсіп саласының жағдайымен танысты. Сапар аясында вице-министр «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында болып, «Ашық мұнай-газ фонтанының жануы» тақырыбында ұйымдастырылған оқу дабылына қатысты.
Басқарма басшылығы кәсіпорынның құрылу тарихы, негізгі өндірістік көрсеткіштері және өңір экономикасындағы стратегиялық рөлі туралы есеп берді. Жиын барысында қауіпті өндірістік объектілердің техникалық жай-күйі, жоспарлы жөндеу науқанының сапасы және кәсіпорынды дамытудың перспективалы бағыттары кеңінен талқыланды.
Нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік талаптардың қатаң орындалуын қамтамасыз ету, өндірістік объектілердің үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуін ұйымдастыру, қызмет ету мерзімі аяқталған техникалық құрылғыларды дер кезінде жаңарту, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерді кешенді жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі бекітілген жиынтық жоспардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалау жұмыстары басты назарға алынды. Аталған бағыттар бойынша салалық құрылымдардың басшылары мен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1267022?lang=ru

Жауап қалдыру