
Сарыағаш ауданында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде бой көтеріп жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында аудан басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын жан-жақты саралап, мердігер мекеме өкілдері мен жауапты сала мамандарының есебін тыңдады.
Тексеру нәтижесінде құрылыс жұмыстарының қарқыны бұған дейін берілген тапсырмаларға қарамастан тиісті деңгейде күшеймегені атап өтілді. Осыған байланысты аудан әкімі мердігер ұйымға бірқатар нақты сын-ескертпелер айтып, құрылыс жұмыстарын жеделдету және белгіленген кестеден кешікпеу жөнінде соңғы ескерту жасады.
Сонымен қатар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне құрылыс нысанына бақылауды күшейтіп, атқарылатын жұмыстардың сапасы мен мерзімінің сақталуын күнделікті қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою және құрылыс барысы туралы тұрақты түрде есеп беріп отыру міндеттелді.
Қазіргі таңда нысанда ғимараттың сыртқы қасбетін әрлеу, ішкі әрлеу және еденге бетон төсемін (жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар инженерлік инфрақұрылым желілерін тарту және аумақты жоспарлау жұмыстары қатар атқарылуда. Аталған құрылыс жұмыстарын «ST-SERVICE KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1267101?lang=ru

Жауап қалдыру