№ 65 мекемесінде Нельсон Манделаның халықаралық күні аясында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД №65 мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күніне орай шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл кездесу сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің ұсынымын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында Нельсон Манделаның өмірі мен гуманистік идеяларына арналған көркем фильм көрсетіліп, оның өмір жолы мен қоғамдық қызметі туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Бұдан бөлек, сотталғандарға Нельсон Мандела ережелері түсіндірілді. Бұл шара құқықтық мәдениетті, адамдық қадір-қасиетке деген құрметті қалыптастыруға, заңдылықты сақтауға және ізгілікті қарым-қатынас принциптерін нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1267172?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді