
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД №7 мекемесінде Халықаралық Нельсон Мандела күні аясында сотталғандар үшін тақырыптық фильм көрсетілді. Бұл іс-шара сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілінің ұсынымдарын орындау шеңберінде өткізілді. Ол заңға деген құрметті қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін және жалпыадамзаттық құндылықтарға адалдықты тәрбиелеуге, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесуге бағытталған. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар құқықтық мәдениетті нығайтуға, адамдық қадір-қасиетті құрметтеуге және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуін табысты жүргізуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aqmola-oblysy/press/news/details/1267171?lang=ru

Жауап қалдыру