Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 229-шы ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Пресноредут ауылында «Ауыл құтқарушылары» 229-шы ерікті өртке қарсы құрылымының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті Пресноредут, Макарьевка ауылдарының, Нұрымбет ауылының, сондай-ақ Ястребинка, Семиозерка және Песчанка шағын аудандарының тұрғындарына қызмет көрсететін болады.

  Жаңа нысанның ашылуы аталған елді мекендердің 538 тұрғыны үшін өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

  Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен заманауи өрт сөндіру бекеті салынды. Ол тиімді қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Ғимаратта өрт техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, сондай-ақ жеке құрамның кезекшілік атқаруына, демалуына және тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған бөлмелер қарастырылған.

  Жаңа өрт сөндіру бекетін жарақтандыру үшін ТЖМ өрт техникасын, байланыс құралдарын және қажетті жабдықтарды тапсырды. Еріктілер ТЖД мамандарының жетекшілігімен арнайы даярлықтан өтті. Алдағы уақытта олардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл бойынша білімдері мен тәжірибелік дағдылары тұрақты түрде жетілдірілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1267189?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді