МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ: Кезектен тыс сессия отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МӘСЛИХАТ ТЫНЫСЫ:

Кезектен тыс сессия отырысы өткізілді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLIV сессиясы өтті.

Сессияға аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, аудан бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы босаған орындарға сайлау өткізу үшін уақытша комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермековтың аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарындағы босаған орындарға сайлау өткізу туралы есебі тыңдалды. «2025-2027 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсанындағы №41 – 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады.

Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.

Сессия соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/977578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді