
Қарағанды облысы бойынша Омбудсмен өкілі Қайрат Бейсенбеков «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының № 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.
Сапар барысында Омбудсмен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың тұру жағдайларымен, тамақтандыруды, медициналық қамтамасыз етуді және бос уақытын ұйымдастырумен танысты, сондай-ақ үй-жайлардың санитарлық жай-күйін, мекеменің материалдық-техникалық жарақтандырылуын және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау шарттарын бағалады.
Сапар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлері мен арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушыларға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі және Ұлттық алдын алу тетігі туралы ақпарат берілді, сондай-ақ олар бұзылған жағдайда құқықтарды қорғауға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1267194?lang=ru

Жауап қалдыру