Ақтөбедегі кәсіпорын өнеркәсіпке арналған резеңке-техникалық бұйымдар өндірісін кеңейтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Облыс әкімі стандартты емес резеңке-техникалық бұйымдар өндіруге маманданған «Alash Engineering Technology» ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын мұнай-газ, теміржол және өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылатын өнімдер шығарады.

Компания директоры Азамат Базардың айтуынша, кәсіпорын 2021 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде Қазақстандағы стандартты емес резеңке-техникалық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Өндіріс алаңында втулкалар, резеңке-металл бұйымдары, манжеттер, мембраналар, диафрагмалар және басқа да өнім түрлері шығарылады.

«Alash Engineering Technology» өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпорындарға жеткізеді. Олардың қатарында теміржол компаниялары, ірі мұнай және өнеркәсіп ұйымдары, сондай-ақ кен орындарында жұмыс істейтін кәсіпорындар бар. Компания экспорт бағытын да дамытуда.

Жобаның жалпы құны шамамен 1 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 200 мыңға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Қазіргі уақытта мұнда 40-тан астам маман еңбек етеді. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 350 мың теңгені құрайды.

Асхат Шахаров кәсіпорын басшылығымен өндірісті одан әрі кеңейту, даму перспективалары және отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін талқылады. Мұндай кәсіпорындардың дамуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өнім үлесін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

«Өңір үшін отандық өндірісті дамыту және сұранысқа ие өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау – маңызды міндеттердің бірі. Осындай компаниялар Ақтөбе облысында бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастырып, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға зор әлеует бар екенін көрсетіп отыр. Кәсіпорындардың өнім көлемін ұлғайтып, заманауи технологияларды енгізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуы маңызды. Мемлекет тарапынан бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады», – деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1267221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді