
11 тамыз күні Түркістан қаласы тағы бір тарихи футбол кешінің куәсі болмақ.
УЕФА Еурокубогы аясында Алматының «Қайрат» футбол клубы Болгарияның «Левски» командасын қабылдайды. Кездесу «Түркістан Арена» стадионында өтеді.
Еуропалық деңгейдегі тартысты матчты тамашалап, қазақстандық клубқа бірге қолдау көрсетейік!
Барша футбол жанкүйерлерін стадионға шақырамыз! 


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1267224?lang=kk

Жауап қалдыру