
Қызылорда қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінде қазақ күресінен дәстүрлі XVII облыстық «Алтын белбеу» турнирі өз мәресіне жетті. Ұлттық спорттың мәртебесін арттыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарысқа облыстың барлық аудандары мен Қызылорда және Байқоңыр қалаларынан 250-ден астам балуан қатысты. Кіші жасөспірімдерден бастап ересектерге дейінгі төрт жас санаты бойынша өткен додада Қызылорда облысы полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 🏆 Чемпиондар: * 66 кг – Арнұр Қожабеков * 74 кг –Дамир Абдеков * 82 кг –Дінмұхамед Алтай * 90 кг – Алмат Тайбағаров * 100 кг – Ержан Абуллаев; Сонымен қатар, «Түйе палуан» атағы үшін өткен белдесулерде полиция қызметкері Еңбек Сақтағанов жүлделі 🥉III орынды иеленді. ✨Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1267241?lang=ru

Жауап қалдыру