«Мөлдір бұлақ» балалар лагерінде қауіпсіздік сабағы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Мөлдір бұлақ» балалар сауықтыру лагерінде өрт қауіпсіздігі мен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірлесіп демалушы балаларға өрт қауіпсіздігі талаптары мен су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Іс-шара барысында төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін іс жүзінде көрсетті. Сондай-ақ құтқару құралдарын пайдалану жолдары таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1267251?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді