Астанада жас жігіт саябақта пиротехника іске қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін анықтады. Оқиға елордадағы «Триатлон» саябағында пиротехникалық бұйымдарды іске қосуға байланысты болды.
Анықталғандай, 19 жастағы жас жігіт досын туған күнімен ерекше құттықырғысы келіп, саябақ аумағында пиротехника атқан. Алайда бұл әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкелді.
Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Соттың шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Астана қаласының Полиция департаменті белгіленген талаптарды бұза отырып қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуы мүмкін екенін ескертеді. Мереке қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1267336?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді