Демалыстың сақшысы — әуе патрулі: ШҚО су қоймаларында «сөйлейтін» дрондар жұмыс істеуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Демалыстың сақшысы — әуе патрулі: ШҚО су қоймаларында «сөйлейтін» дрондар жұмыс істеуде

Шығыс Қазақстан облысында су айдындарының жанындағы жаппай демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері заманауи «сөйлейтін» дрондарды қолдануда. Әуе патрульдері жағажайлар мен басқа да су қоймаларындағы жағдайды бақылауға, сондай-ақ демалушыларға сақтық шараларын сақтау қажеттігін уақтылы ескертуге көмектеседі.

Патрульдеу барысында дауыс зорайтқыш функциясы бар ұшқышсыз аппараттар профилактикалық хабарламаларды таратып, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, белгіленген жерлерден алыс жүзбеуге, масаң күйде шомылмауға және жеке заттарын мұқият қадағалауға шақырады.

Дрондарды пайдалану жағалау сызығының үлкен учаскелерін жедел түрде қамтуға, әлеуетті қауіпті жағдайларды анықтауға және маңызды ақпаратты демалушыларға жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл аумақтарда полиция қызметкерлері кезекшілік атқарып, азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Әуе патрулі жаппай демалыс орындарындағы бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша профилактикалық құралға айналды. Полиция су басындағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау — әрбір азаматтың қауіпсіз әрі тыныш демалысының кепілі екенін еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1267395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді