
Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған Қоғамдық кеңес төрағасы Сүлеймен Тұрсынбайұлы мен қала әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр және кеңес мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Ішкі саясат бөлімі, Білім бөлімі, «Сәулет және қала құрылысы» бөлімі, «Құрылыс» бөлімі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және Жол бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар бойынша есептері тыңдалды. Кеңес мүшелері ұсынылған баяндамалар бойынша өз пікірлерін білдіріп, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерге қатысты сауалдар қойды. Сондай-ақ, талқылау барысында жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
Отырыс қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың сапасы мен нәтижелілігін арттыру бағытында нақты міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1267431?lang=kk

Жауап қалдыру