
2026 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығына барды.
Бару кезінде Сараптамалық кеңес мүшесіде барып орталықта ем алып жатқан азаматтарға жасалған жағдайлармен танысып, медициналық қызмет көрсету үдерісімен танысты. Сонымен қатар, ем алушылардың тұрмыс жағдайы, медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы, тамақтану сапасы және қолданыстағы заңнама талаптарының орындалуына қатысты ахуал назарға алынды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ықпал ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен көрсетілетін жағдайлардың сапасына көңіл бөлу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1267477?lang=ru

Жауап қалдыру