Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар-кеңес.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 шілдеде ШҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, корпоративтік ресурстарды пайдалану, сондай-ақ киберинциденттердің алдын алу және заманауи киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Семинар барысында дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1267509?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді