Талдықорғанда «Таза Қазақстан» және «Заң мен Тәртіп» тақырыптарында жаңа муралдар салынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын насихаттауға бағытталған «Таңдау өз қолыңда» атты екі жаңа мурал пайдалануға берілді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында салынған муралда табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және ағаш отырғызып жатқан жастардың бейнесі көрініс тапқан. Ал «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы негізінде салынған муралда «Таңдау өз қолыңда» деген үндеу арқылы жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын көркем композиция бейнеленген.

Муралдар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бастамасымен «Көктем» және «Бірлік» шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне салынды.

Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмас Барлыбековтің айтуынша, мұндай жобалар қаланың сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, қоғам үшін маңызды құндылықтарды дәріптеуге де ықпал етеді.

Айта кетейік, бүгінде Талдықорған қаласында тұлғатану, туризм, экология және басқа да әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қамтитын 17 мурал бар. Оның ішінде екеуі «Таза Қазақстан» бағдарламасына арналып салынған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1267524?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді