Астанада «Болашақ ойындарын» бес күнде 8 мыңнан астам көрермен тамашалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада жаңа буынның ең ірі халықаралық спорттық жарыстарының бірі – Games of the Future 2026 («Болашақ ойындары») жалғасып жатыр. Турнир ашылған 29 шілдеден бері ауқымды додаға 8 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар классикалық спорт пен цифрлық технологияларды ұштастыратын жарыс түрлері бойынша сынға түсіп жатыр. Сайыстар елорданың бірнеше ірі спорт нысанында өтіп жатыр. Олардың қатарында көпфункционалды «Барыс Арена» мұз сарайы, Beeline Arena ұлттық теннис орталығы, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы бар.

Қатысушылар фиджитал футбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек, бокс, би дисциплиналары, шутерлер, Battle Royale, MOBA, дрон жарысы, Battle Bots және өзге де жаңа форматтағы спорт түрлері бойынша бақ сынауда.

«Болашақ ойындарының» ерекшелігі – спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте шеберліктерін көрсетіп, кейін тартысты нақты спорт алаңында жалғастырады.

Турнирдің алғашқы бес күнінде, яғни 29 шілде мен 2 тамыз аралығында 8 мыңнан астам көрермен тамашалады.

Games of the Future 2026 турнирінің Қазақстанда өтуі осы жылдың ең маңызды халықаралық спорттық оқиғаларының бірі саналады. Бұл дода елорданың спорттық инфрақұрылымын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарды қабылдайтын ел ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Көрермендер турнирдің жеке күндеріне немесе бірнеше жарыс күніне арналған билеттерді сатып ала алады. Жарыс кестесімен танысып, өзіңізді қызықтырған дисциплиналарды таңдау және билет сатып алу Games of the Future турнирінің ресми сайтында көрсетілген.
Турнир Астанада 9 тамызға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1267561?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді