
Түпқараған ауданында профилактикалық есепте тұрған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Түпқараған ауданы аумағында мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген профилактикалық есепте тұрған азаматтармен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында аталған санаттағы азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізіліп, заң талаптарын сақтау, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, олардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, сот жүктеген ерекше талаптардың сақталуына бақылау жүргізілді. Мұндай шаралар азаматтардың қоғамға бейімделуіне ықпал етіп, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бірлесіп атсалысуға шақырады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің маңызды кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1267608?lang=ru

Жауап қалдыру