Прокуратура кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден кейін 13 құқықты қалпына келтірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында Қостанай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бақылау функциясын жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды анықтады.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестатталуы тиіс.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілеріне 13 тексеруді аттестатталмаған лауазымды тұлғалар жүргізгені, тиісінше олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті емес екендігі анықталды.

Аталған тексерулердің нәтижелері бойынша нұсқамалар енгізіліп, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылды. Олардың қорытындылары бойынша енгізілген барлық 13 тексеру және ұйғарым жарамсыз деп танылып, күші жойылды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.

Қостанай облысы прокуратурасының инвесторлар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысы жалғасуда.

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1267656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді