Дубайда басқару саласы бойынша мемлекеттік қызметшілер даярлау мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дубай, 2026 жылғы 28 шілде – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Мұхаммед бен Рашид атындағы мемлекеттік басқару мектебінің (MBRSG) ректоры Али бен Сибаа әл-Марримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік басқару, кадр даярлау және тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Елші MBRSG-дің БАӘ-дегі мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртып жатқанын, бұл ретте жаңа буын мамандарын даярлауға, ғылымды және жасанды интеллектіні дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Р.Жұмабек қазақстандық студенттерге MBRSG магистратурасында білім алуға гранттар бөлу, мектептің профессорлық-оқытушылық құрамын дәрістер, тренингтер өткізуге және ғылыми кеңес беруге тарту, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Али бен Сибаа Әл Марри биыл MBRSG мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанына 10 жыл толатынын атап өтті. Ол осы уақыт ішінде екі мекеме арасындағы әріптестіктің табысты дамып келе жатқанына назар аударып, аталған датаға орай бірлескен іс-шаралар өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында тараптар мемлекеттік басқару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және бірлескен білім беру бастамалары мен іс-шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1267672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді