Қостанай полицейлері тынысы тарылған баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қостанай полицейлері тынысы тарылған баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Қостанай қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция лейтенанттары Ғалымбек Данияр мен Темірлан Қаратаев шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған баласы бар отбасыға көмек көрсетті.

АП-528 бағытында қызмет атқару барысында Дощанов және Майлин көшелерінің қиылысында полицейлер ауладан жоғары жылдамдықпен шығып келе жатқан Kia Sportage автокөлігін байқайды. Мұндай әрекеттің себебін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары арнайы жарық белгілерін қосып, көліктің соңынан ілескен.

Көлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің ауруханаға асығып бара жатқаны анықталды. Оның кішкентай қызының тынысы тарылып, шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Уақытты жоғалтпай, полиция қызметкерлері автокөлікті Қостанай облыстық ауруханасына дейін жедел алып жүру туралы шешім қабылдады. Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала дәрігерлерге қысқа мерзімде және қауіпсіз жеткізіліп, жолдағы кідірістер мен денсаулық жағдайының нашарлау қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1267846?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді