
Түркістан қаласындағы «Жасанды көл» саябағында ашық аспан астында «Түркістан әуендері» атты мерекелік концерті өтті.
Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Яссы» халықтық би ансамблі, «Семсер» және «Арнау» топтары, «Ай-Дана» дуэті, сондай-ақ Оразкүл Дәулетова, Досымжан Айдаров, Елнұр Досжанов, Қожа Аманбаев, Мадина Ералиева, Дана Индемесова және Райым мен Дана өздерінің үздік шығармаларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік концерт қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени демалысын мазмұнды ұйымдастыруға мүмкіндік беріп, Түркістан қаласының мәдени өмірін жандандыруға үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1268001?lang=kk

Жауап қалдыру