Саптық жиын барысында қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полиция полковнигі жеке құрамға қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру, қоғамдық орындарда профилактикалық жұмыстарды күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы қызметті жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту және кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізу міндеттелді. Жиын соңында жеке құрамның қызметтік дайындығы тексеріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттер айқындалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1268028?lang=ru

Жауап қалдыру