Сіздерді 2026 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-FEST» фестиваліне шақырамыз!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 2026 жылғы 5 қыркүйекте өтетін Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл-FEST» фестиваліне шақырамыз!
Бұл ерекше мерекеде сіздерді жарқын эмоциялар мен қызықты кездесулер күтеді.
Фестиваль бағдарламасында:
әсерлі концерттік шоу;
«Қазақша сөйлейік!» Talk&Play интерактивті алаңы;
ұлттық тағамдар көрмесі;
«Qazaq Brand Market» жәрмеңкесі;
қызықты ойындар, квиздер және түрлі байқаулар өтеді.
Ең белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталады!

Бұл – тіл мен мәдениет тоғысқан, достық пен бірлікті дәріптейтін үлкен мереке.
Отбасыңызбен, достарыңызбен бірге келіңіздер! Көріңіздер!
Қызықты бағдарламаларға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоцияға ие болыңыздар!
«Тіл-FEST» фестивалі.
5 қыркүйек,сағат 10:00.
Қарағанды қаласының Орталық саябағы.
Баршаңызды асыға күтеміз

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-madeniet-til-sport/press/news/details/1268085?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді