«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 тамызда Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.А. Мамиевтің төрағалығымен «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру және 2026 жылғы қаңтар–шілде айларындағы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар мен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, әкім аппараттарының және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ «Ертіс» ӘКК» АҚ мен ШҚО «МЖӘО» АҚ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру тетігіне енгізілетін өзгерістер, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды қарау және қаржыландыру, сондай-ақ «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында ауыл тұрғындарын мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.

Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына, оның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексінің (НКИ) нысаналы мәндеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді. Қойылған міндеттердің орындалуы мен жоспарланған іс-шаралардың іске асырылуы Ауыл шаруашылығы басқармасының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1268080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді