Май ауданы: инвестициялар мен өнеркәсіптік өсудің жаңа кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инвесторларды сүйемелдеу және инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау бағытында жергілікті атқарушы органдардың жүйелі жұмысының нәтижесінде ауданда тау-кен өндіру саласында бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Солардың бірі – «Демеу Көк-Тас» ЖШС-нің мыс концентратын өндіретін байыту фабрикасының құрылысы. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр беру желілері мен су құбыры тартылуда, вахталық кент салынуда, кірме жолдар мен байланыс желісі дайындалған. Жобаны іске асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге мүмкіндік береді.

Инвестиция тарту мәселесі Павлодар облысының әкімі А. Байхановтың ерекше бақылауында. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Май ауданына барып, «Демеу Көк-Тас» ЖШС жобасының іске асырылу барысымен танысты. Сонымен қатар, «Druzhba Mining» ЖШС-нің титан-цирконий концентратын өндіретін байыту фабрикасының құрылысы және «ШҚО Smart» ЖШС-нің Болдыкөл учаскесінде алтын құрамды кенді өндіру мен заманауи байыту фабрикасын салу жобаларының іске асырылу перспективалары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-maysk/press/news/details/1268345?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді