
Мемлекет басшысының өңірлерді орнықты әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған тапсырмалары шеңберінде Жітіқара ауданында өндірісті, инфрақұрылымды және туризмді дамытуға ықпал ететін инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасуда.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан экономикасына 13,8 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% – ға артық. Іске асыру сатысында жалпы құны 1 млрд 470 млн теңге құрайтын бес инвестициялық жоба тұр. Олардың екеуін ағымдағы жылы, ал үшеуін 2027 жылы аяқтау жоспарлануда.
Тамыз айында қуаттылығы жылына 16 мың тоннаға дейін пайдаланылған майларды регенерациялау бойынша кешенді іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, қуаттылығы тәулігіне 150 тоннаға дейін азықтық ұн өндіретін диірменді қайта жаңарту аяқталады.
Перспективалы жобалардың қатарында-дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. Забелов ауылындағы Желкуар өзенінде жағажай демалыс аймағын құру жалғасуда. Бұдан басқа, демалыс базасын құру үшін Чайковское ауылындағы бұрынғы “Арман” балалар лагерінің нысандарын қайта жаңарту жүргізілуде.
Барлық бес жобаны іске асыру 28 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және Жітіқара ауданының өнеркәсібін, спортын, туристік инфрақұрылымын және инвестициялық әлеуетін одан әрі дамытуға себептеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-stepnoi/press/news/details/1268479?lang=ru

Жауап қалдыру