
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына нысанның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті енгізетін өзгерістер күшіне енді.
Бұл қорытынды адамдар көп жиналатын объектілерді, сондай-ақ биіктігі 28 метрден асатын ғимараттарды қабылдау және пайдалануға беру алдында міндетті болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтініш «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш берушілер құжаттарды ресімдеуге және ұсынуға қойылатын белгіленген талаптарды сақтауы қажет. Сонымен қатар, келіп түскен өтініштерді қарау барысында ең жиі анықталатын бұзушылықтар мыналар:
* құжаттардың толық емес пакетін ұсыну (бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы, оң сараптама қорытындысын, өнімнің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды);
* белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттарды ұсыну;
* объектінің құрылысы толық аяқталғанға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну;
* нақты салынған объектінің бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес келмеуі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1268648?lang=ru

Жауап қалдыру