2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру үшін Елшілік жанынан № 450 учаскелік сайлау комиссиясы құрылғаны туралы хабарлайды.

Учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде құрылады.

Осыған орай Анкара қаласында Елшілікте дауыс беруді жоспарлаушы Қазақстан Республикасы азаматтарын келесі сілтеме арқылы тіркелуді сұраймыз https://forms.gle/HuDAcb5Z2RCLAtcy6

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1268669?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді