Жетісу облысында ЦОУ камералары тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектесуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтауға да мүмкіндік беруде.

2026 жылдың басынан бері ЦОУ және өзге де бейнебақылау жүйелерінің көмегімен Жетісу облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 10 064 дерегі анықталып, жолы кесілді. Сонымен қатар, ортақ пайдаланылатын орындарды, оның ішінде темекі тұқылы мен ұсақ қоқыс тастағаны үшін 168 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әрбір құқық бұзушылық нақты уақыт режимінде тіркеліп, полиция қызметкерлері заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.

Жетісу облысының полициясы тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға, тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады. Тазалық пен тәртіп – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1268643?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді